Шүүгч хараат бус байж, гагцхүү хуульд захирагдана. Ерөнхийлөгч, Ерөнхий сайд, Улсын Их Хурлын ба Засгийн газрын гишүүн, төр, нам, олон нийтийн бусад байгууллагын албан тушаалтан, иргэн хэн боловч шүүгчээс шүүн таслах үүргээ хэрэгжүүлэхэд хөндлөнгөөс оролцож болохгүй. Шүүгчийн хараат бус, шүүхийн бие даасан байдлыг хангах зорилгоор Шүүхийн ерөнхий зөвлөл ажиллана. Шүүхийн ерөнхий зөвлөл шүүх, шүүгчийн шүүн таслах ажиллагаанд оролцохгүйгээр, гагцхүү хуульчдаас шүүгчийг шилж олох, эрх ашгийг нь хамгаалах зэрэг шүүхийг бие даан ажиллах нөхцөлөөр хангахтай холбогдсон үүргийг биелүүлнэ. Шүүхийн ерөнхий зөвлөлийн зохион байгуулалт, үйл ажиллагааны журмыг хуулиар тогтооно. / Монгол Улсын Үндсэн хуулийн 49 дүгээр зүйл/

Монғол Мемлекетінің Үкімет орынының 2005-жылдың Қазан айының 19-күнгі 219 санды қаулысында Монғол мемлекетінде сот орынауының 80 жылдық мерей тойын 2006-жылы маусымның алғашқы аптасында атап өту туралы белгіленді.
Монғолдың сот тарихы Монғол үкіметінің тарихымен тығыз байланысты.
ЖБМХР-ның Кіші Құрылтай Басқармасы 1926-жылы сәуір айының 16-шы жұлдызында Қандай бір қылмыс, дауды шешу, жазалау туралы заң ережесін бекітіп, осы күнді халық соты орынаған тарихи күн деп тоқтатып, жыл сайын белгілеп келген.
1926-жылдан бастап сол кездегі аймақтар орталығы, 3 қала, 71 хошуунда Халық Сотын орынату барысында Алтай-урианхай аймағының 5-съездінен Әскери және дау шешу бөлімін орынатып, бастығына Хорлоо әкелі Заяатты тағайындап жұмыстатты.
1931-жылы хошуундарды қысқартқан кезде олардың қарамағындағы хошуун соттарын да қысқартып, мемлекет көлемінде 38 сот бөлімшесі алғаш орынағанда Алтайхан хошуунының қарамағындағы Алтанцөгц, Цэнгэл хайрхан, Жаргалант, Сагсай сұмындарын жауаптанған Бөлімше соты орынап, бастығына Х.Заяат, Сэрчинжав, С.Дашжав, хатшыға Дамдиндорж, Сүжигтлерді тағайындап, жұмыстай бастаған. Және де қазақ хошуундарды жауаптанған бөлімше соты Бота-Қара хошуунында орынап, бастығына Жеттікбай әкелі Нарын, хатшыға Өнгенбай әкелі Зейнолда тағайындалды.
ЖБМХР-ның Миниситрлер кеңесінің 1 санды қаулысымен 1933 жылы бөлімше соттарын қысқартып, кішігірім дау, таласты шешу құқығын сұмынның әкімшілік бастығына қосып беріп,сұмын бастықтары сот бастығының міндетін атқаратын болдырған.
1939-жылы Мемлекеттік Кіші Құрылтайдың 22 санды қаулысымен сұмын әкімшілігін дау шешу жұмысынан босатты.
МХРП-ның Х съезд, Мемлекеттің VIII съездінің шешімімен 1940 жылы тамыздың 18-ші жұлдызында Баян-Өлгей аймағы орынағанда аймақ сотын бірге орынатып, бастығына Марал әкелі Цэнджавты тағайындады.
1940-жылы 9-Қыркүйекте аймақ соты жұмысын ресми түрде бастап, сот бастығының 01 санды қаулысымен аймақ сотының орынбасарына Оразалы әкелі Абілтай, хатшыға Ендоо әкелі Лэгдэн, шабарманға Түвдэндер тағайындалып, 5 жұмыс орынымен жұмыстарын бастады.
Аймақ соты алғаш орынағанда киіз үйде орыналасып, 27 мың төгрөгтің бюджетімен 10 сұмын, 71 бақ, 7063 жанұя, 32 мыңнан астам халықты жауаптанып жұмыстады.
1940-жылы 12-қыркүйекте алғаш рет өтірік лақап сөз таратқан адамға жаза жүктеп, басқадан түйе жоқтаған дауды шешті. Бұл қылмыстық және азаматтық істі шешудің алғашқы қадамы еді.
1940-1943 жылдары сұмын басшылары қылмыстық және де азаматтық істерді жергілікті жерде шешіп отырған.Ал аймақ соты олардың шешкен қылмыстық және де азаматтық істерді бақылап, асып айтысу сотының міндетін атқарды.
1943 жылы аймақ соты 8 кісінің жұмыс орынымен, 30 мың төгрөгтің бюджетімен жұмыстап, ескі киіз үйді актға шығарып, орынына 2 бөлмелі ағаш үй сатып алып, 1 бөлме қосып 3 бөлмелі конторды 1944-жылы мамыр айында пайдаға берді.
1945-жылы аймақ сотына орынбасардың 1, хатшының 1 орыны қосылып 1945-1950 жылдары 10 кісінің жұмыс орынымен жұмыстады.
1943-1953 жылдары аймақ соты cот төрелігін сұмындарға көшіп жүріп жеке жүргізіп тұрғандықтан жұмыс ауыртпалығы артып, қиындықтар да көптеп кезігетін болды.
Министирлер Кеңесінің 1953-жылы 19-наурыздың 90 санды қаулысында аймағымызда бөлімше сотын орынататын шешім қабылданып, осы шешім бойынша Дэлүүн, Бұлғын, Хужирт, Хобда,Тұлба сұмындарын жауаптанған бірінші бөлімше соты Дэлүүн сұмынында орынап, бастығына Тышқанбай, хатшыға Ноост тағайындалды.
1953-жылы Қазан айында болған сот сайлауында сот төрешісін және халық өкілдерін 3 жыл уақытымен жасырын пікір алу арқылы тағайындап, Улаанхус, Буянт, Ойғыр,Цагаангол сұмындарын жауаптанған сотты Улаанхус сұмынында, Цагааннуур, Ногооннуур, Алтанцөгц, Баяннуур сұмындарын жауаптанған сотты Цагааннуурда орынатты.
1956-жылы Наурыз айында Алтанцөгц, Буянт, Баяннуур сұмындарын жауаптанған 4-Бөлімше сотын қосып орынатты.
Алғаш сот орынағанда 1-бөлімше сот бастығы болып Тышқанбай, 2-бөлімше сот бастығы болып Жуасхан, 3-бөлімше сот бастығы болып Баянцагаан, 4-бөлімше сот бастығы болып Тогтохтар жұмыстады.
Осы сайлаудан кейін 1956-жылы аймақ сотында бастық, орынбасар, хатшы, көшірмеші, шабарман, 4 бөлімше сотында 4 сот төрешісі, 4 хатшы, 4 шабарман, барлығы 19 жұмыс орынымен жұмыстап, аймақтың 11 сұмын, 96 баққа қызмет көрсетіп, қылмыстық 53, азаматтық 65 істі шешті.
1959-жылы Өлгей қаласын жауаптанған сот төрешісінің 1 орыны қосылып, сол жылы болған 3-кезекті сайлауда 5 сот төреші жұмыстайтын аймақ сотына бастық, орынбасар, тұрақты мүшесі және сот ақтаушысы сайланды.
Көшпенді сот төрешілерін аймақтың ХДҚ-ының кезекті пленумы 2 жыл уақытымен сайлайтын болған.Көшпенді сот төрешілері аймақ сотының мүшесі құқығын иеленген және де алдыңғы бөлімше халық сотының қарамағындағы істерді шешетін болған.
1962-жылы қазан айында аймақтық сотта көшпенді соттың шешкен қылмыстық және азаматтық істерінің асып айтысқан немесе бақылату жайлы шығарған шағымдарды талқылайтын сот коллегасы орынады.
1966-жылы соттың 40 жылдық мерей тойын атап өтіп, сот бастығы С.Шайзада, тұрақты мүшесі О.Абілтай, көшпенді сот төрешісі Т.Тышқанбайларды Алтын жұлдыз орденімен марапаттады.
ЖБМХР-ның Халық Құрылтай Басқармаларының 1975-жылғы 80 санды жарлығы бойынша сот системасына өзгеріс енгізіліп, көшпенді сотты бөлімше халық соты болдырып өзгертіп, сот төрешісін жергілікті жердің ХДҚ-ның сайлауында жасырын пікір алу арқылы 3 жыл уақытымен сайлау тәртібі бекітілді.
ЖБМХР-ның Халық Құрылтай Басқармаларының 1982-жылғы 159 санды жарлығында бөлімше халық сотын қыр сұмындарда орынататын болып шешім шыққандықтан Ногооннуур,Баяннуур,Алтанцөгц сұмындарын жауаптанған 1-бөлімше халық сотын Алтанцөгц сұмынына, Бұлғын, Тұлба, Дэлүүн сұмындарын жауаптанған 4-бөлімше халық сотын Дэлүүн сұмынына, Цэнгэл,Улаанхус,Сагсай сұмындарын жауаптанған 2-бөлімше халық сотын Цэнгэл сұмынына шоғырландырып жұмыстатты.
Аймағымыздың сот ұйымында ұзақ жылдар бойы үзбей адал еңбек етіп, мол табыстарға жеткен,еңбегі өкіметке еленіп, тарихта аты қалған халыққа танымал сотқа еңбегі сіңген заңгер С.Шайзада, МХРП-ның ХVIII съездінің депутаты Д.Жимбээ,Мемлекеттік Ұлы Құрылтай мүшесі болған Х.Володя,сот бастығы және орынбасары міндетін 25 жыл абыроймен атқарған З.Мағзам, Еңбек құрметі медалімен 2 мәрте сыйланған Революция күресінің аға қайраткері С.Тұрсынхан, сот бастығы, Соттың бас төрешісі болып 13 жыл жұмыстап, Алтын жұлдыз орденімен мараппатталған З.Нацаг сынды азаматтарды мақтанышпен атауға болады.
1990 жылғы Демократиялық революция Монғол елін қоғам және экономиканың өзгерістеріне жолықтырып, жаңа қоғаммен жүздестірді.Осыған байланысты 1992 жылы 13-қаңтарда Моңғол елінің жаңа Негізгі заңы бекітіліп, жүзеге асуымен сот системасы да өзгеріп,халық сот құрымынан мамандық сот құрымына ауысты.Басқаша айтқанда социалист қоғам кезінде сот төрешісін жергілікті жер сайлауында жасырын пікір алу арқылы 3 жыл уақытымен сайлап отырған болса жаңа негізгі заң бойынша Моңғол елінің ел басшысының жарлығымен уақыт көрсетпей тағайындайтын болды.
1992-жылы бекітілген жаңа Негізгі заң бойынша Сот туралы заң, Қылмыстық істер заңы, Қылмыстық істі жүргізу заңы, Азаматтық істер заңы, Азаматтық істі жүргізу заңы сияақты сотта үнемі қолданылатын заңдар қоғам жетістігі мен өркеніне сай жаңартылып бекітіліп, керектеніліп келеді.Осыған байланысты сотта істі шешу жұмысы,сот құрамы, басшылық және ұйымдастыру мәселесіне аса көңіл бөлінетін болды.Қазір аймағымызда аймақтық асып айтысу соты,аймақтық әкімшілік істер соты, сұмынаралық 1 сот жұмыстап, жұмыс орынының саны бойынша 13 сот төрешісі тағайындалып,сот төрелігін жүзеге асыруда.
Сот төрешісінің тәуелсіздігін қаматамасыз ету, басқаға қарасты болдырмау мақсатымен аймақ сотының Іс басқару бөлімі 23 жұмысшымен өз міндетін орындауда.
Соты 2001-жылы баспахана өндірісінің ескі 2 этажды ғимаратын 50 миллион төгрөгке сатып алып, жөндеу жұмысын өткізіп, жиһаз мүліктерін жаңартып жылы, жайлы орынды болып соттың іс жүргізу , шешу жұмысын қалыпты жағдайда өткізу мүмкіндігімен қанымдалды.
Сонымен қатар халықтың өтініш тілек, арыз шағымын тексеру,істі шешу жұмысын қалыпты жағдайда тез жүргізу мақсатымен 1997-жылы жергілікті жер, аймақтың демеуімен 1 машина, 2002-жылы үкімет қаражатымен 1 машина алып, жұмыстауда.
2004-жылы барлық сот төрешілері мен іс басқару бөлімінің қызметкерлері және сот жиналысының 2 залы толық жабдықталған компьютермен қанымдалып, ішкі жүйеге қосылды.Осының нәтижесінде сот төрешілері мен қызметкерлері жауаптанған міндеттерін уақытында орындап, істі шешу, жаза жүктеу жұмысы заң аяасында өткізілуде. Және де сот ұйымында ақпарат орыны орынап, халыққа даяшылық көрсетуде.
Елімізде және де аймағымызда 2004-жылы 01-маусымда Әкімшілік істерінің жеке соты орынап, қазір аймағымызда 5 орынды Әкімшілік соты өз қызыметін атқаруда.
Аймақтық асып айтысу соты жылына орташа есеппен 150 қылмыстық және азаматтық іс, Әкімшілік істер соты 30 әкімшілік іс, сұмынаралық сот 100-ден астам қылмыстық, 800-дей азаматтық іс, 60-тан астам әкімшілік қайшылықты тексеріп шешеді.
 
 
 
 
 
 

бізге байланысқандар
бізге қосылыңыз
пікір сұрақ
 

әңгімелесу

сот даяршылығына баға беріңіз

жақсы
орташа
жаман

 
 
  |  
«    Аравдугаар сар 2017    »
ДаМяЛхаПүБаБямНям
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031